Әлеуметтік мпедагогтің жарты жылдық есебі » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2023

Әлеуметтік мпедагогтің жарты жылдық есебі

«Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі


Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылында

атқарған  I жартыжылдық  жұмысының есебі

 Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау, ата-аналармен жүргізілген психологиялық-педагогикалық жұмыстың қорытындысын шығару, салыстырмалы көрсеткішін анықтау және жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау.

Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары.

Оқушылардың әлеуметік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсақ:

Қыркүйек айында жылдық жоспар құрылды.Үйде оқитын және мектептегі оқушылардың тізімдері алынды.

Мектептің әлеуметтік паспорты:

Әлеуметтік санаттар

саны

%


Барлық оқушылар

403



Отбасы түрі бойынша

227


1

Толық отбасылар

220

94%

2

Толық емес отбасылар

7

6%

3

Анасы жоқ балалар

2

2%

4

Әкесі жоқ балалар 

5

2%

5

Көп балалы отбасы

70

26%

6

Аз қамтамасыз етілген отбасы

1

2%

7

Жетім балалар, ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2

1%

8

Мүгедек балалар мүмкіндігі шектеулі балалар

3

1%

9

Азаматтығы жоқ білім алушылар

0

0%

10

Басқа мемлекттің азаматы болып табылатын білім алушылар

0

0%

11

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар

0

0%

12

Мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар

0

0%


Ата – аналарының білімі:



1

Жоғары, жоғары білімнен кейінгі 

0

0%

2

Техникалық және кәсіптік

0

0%

3

Орта

0

0%


1) Оқушылардың құжаттары тексеріліп, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды. Барлық көп балалы отбасының саны -70. Оның ішінде 185 оқушы бар екенін анықтадық.

2) Қыркүйек- Қазан  айында көп балалы отбасынан шыққан балалар аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, қамқорлыққа алынған балалардың құжаттары және әлеуметтік педагогтың құжаттар номенклатурасымен танысып, мектептің толық әлеуметтік төлқұжаты жасалды.

 Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру.

 І- тоқсанда барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған мәлімет тексеріліп директордын қолы қойылды..

Қазіргі кезде мектебімізде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан құжат бойынша 189- оқушы білім алуда.

Олардың ата-анасынан айырылған, қамқорлықтағы оқушылар – 3 оқушы,

аз қамтылған оқушылар -4, үйден оқитын балалар саны- 3 .

Әлеуметтік статустағы оқушылардың ішінен - 30 бала тамақпен, 30бала киіммен ақшалай, және   Республикалық метепке жол акциясынан 5 отбасы көмек алды. 


Бұған қоса, мектептегі (жетім) қамқорлықтағы балалар, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар күніне бір рет 5 күн  асханадан тегін ыстық тамақ ішеді. 

Қазан айында «Қауіп тобындағы» балаларды анықтау мақсатында мектеп психологы мен бірлесе отырып жасырын сауалнамалар жүргізілді. Алынған сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың ата-анамен мұғалімдермен көзқарастары жақсы. Әзірше алаңдататын жағдай болған жоқ. Және де оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау барысында да сауалнамалар жүргізілді. Оның ішінде сәтсіз отбасы, қараусыз қалған оқушылар боған жоқ.

Сонымен қатар үйден оқытылатын оқушыларға Әнет Диасқа, Бахыт Нұриддинға, Бақытжанқызы Шырайлымға комиссия құрылып,отбасының тұрмыс жағдайын тексеру актісі жасалынды, және де ата-аналарынан сауалнама алынды.


Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алуы қадағалануда.Сонымен қатар әлеуметтік статустағы оқушылардың үй тұрмысын зерттеу актісі 28-отбасы оқушыларының үйіне жүргізілді. 



Нәтижесінде жартылай жетім 1-отбасы 4-оқушыға көмек көрсетілді.

28 желтоқсан 2022 жылы  аудан әкімі ұйымдастырған Жаңа жыл шыршасына 2 оқушы 3 «а» сынып оқушысы қамқоршылықтағы Санатқызы Айзере, жартылай жетім 7-сыныптың 1-оқушысы Елтай Алишер қатысты. Оқушылар жана жылдық шыршаға  қатысып, қыстық киім мен тәтті сыйлықтарға ие болды.

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru