Әлеуметтік педагогтың І тоқсан бойынша атқарылған жұмыс қорытындысының есебі » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлеуметтік педагогтың І тоқсан бойынша атқарылған жұмыс қорытындысының есебі
29
октябрь
2021

Әлеуметтік педагогтың І тоқсан бойынша атқарылған жұмыс қорытындысының есебі

Әлеуметтік педагогтың І тоқсан бойынша атқарылған  жұмыс қорытындысының есебі

Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті —  оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. 

  • Оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын, әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деңгейін анықтау.
  • Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету. 
  • Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу.
  • Оқушыларға көмек көрсету  үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының, әкімшілік өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіру.


Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру.

 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары , айлық жұмыс жоспары құрылды. Әртүрлі катигориядағы балалар мен отбасы туралы мәліметтер банкі құрылды , ата-анаға кеңес беру және үйіне баруын тіркеу туралы журналы арналды.Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жалпы мектептің әлеуметтік паспорты  дайындалды. Жиналған мәлімет бойынша әрбір сыныптағы аз қамтылған,сабақтан себепсіз, жиі қалған оқушылардың үйіне барып, отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы тексеріліп, акт толтырылды, ата-аналарына кеңестер берілді. Қыркүйек айында  4б сынып оқушысы Жұмахан Жанасылдың және ағайынды Чапай Нұрасыл 4б сынып, Чапай Ерасыл 5б сынып оқушыларының сабақтан жиі себепсіз қалуына және күні бойы үлкендердің қадағалауынсыз жүруіне байланысты оқушыларды Екпінді ауылының Б.Әубәкіров атындағы мектеп интернатына орналастыру жұмыстары жүргізілді.

" Қоғамға қызмет " жобасы бойынша көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушы Айтқұл Құндыздың үйіне тұрмыстық жағдайын тексере келе , сынып жетекшілермен келісе демеушілердің ұсынысы бойынша осы отбасына    қысқы отын түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді.


Сәтсіз жанұядан шыққан балалармен жұмыс папкасы басталды. 

Мектебімізде қамқоршысы тағайындалған 1 оқушы бар . Ол 2б сынып оқушысы Нұғман Нұрислам. Нұғман Нурисламға мектеп тарапынан әлеуметтік көмек беріліп тұрады және ЖББ қорынан  тегін ыстық тамақпен қамтылған.  Қамқоршысы Септенова Фарида Акановна оқушыға барлық жағдайын жасаған. Оқушының хал ахуалын, жанұя жағдайы тексеріліп акт толтырылды .   

Қыркүйек айының  2- нен бастап мектеп асханасында  ЖББ қорынан  көпбалалы отбасымен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақпен қамту   жұмыстарын  жүргізілді. Мектеп асханасының оқушыларға берілген ыстық тамақ сапасы, мөлшері үнемі  қадағаланып тұрады. Жалпы тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар саны  100 оқушы.44 оқушы бастауыш сыныптан, 56 оқушы орта буын мен жоғарғы сыныптан. Бастауыш сыныптар  3 сабақтан кейін 10.25 те, жоғарғы сыныптың оқушылары 4 сабақтан кейін 11.20 да тегін тамақтанады. Мектеп буфетінде   тыйым салынған тағамдар сатылмайды. Рұқсат етілген   круасан, коржик т.б өнімдері сатылады.Асхананың санитарлық -гигиеналық тазалығы мебике  мен ДІЖО,әлеуметтік педагог тарапынан қадағаланып тұрады. Мектеп оқушыларымен ата аналар тарапынан  асхана тағамдары мен жұмысына деген шағымдар жоқ.



Кемшіліктер: Әртүрлі статустағы оқушылардың барлығымен жұмыс толық қамтылған жоқ.

Ұсыныс: Мектепшілік есепте тұратын оқушылардың барлығын қамту, және олардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату.Оқушылармен түзету,кеңес беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.


                                             Әлеуметтік педагог: Ә Сейфулданова

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru