Әлеуметтік педагогтың 2 тоқсан бойынша атқарылған жұмыс есебі » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлеуметтік педагогтың 2 тоқсан бойынша атқарылған жұмыс есебі
30
октябрь
2020

Әлеуметтік педагогтың 2 тоқсан бойынша атқарылған жұмыс есебі


Оқу жоспары бойынша  оқу тоқсанында статустағы оқушылардың (Аз қамтылған, өгей әкелерімен тұратын оқушылар, қамқоршылықтағы оқушылар, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар, т.б) сынып жетекшілермен бірлесе  оқушылардың хал жағдайын , қыс мезгіліне дайындық деңгейін, тұрмыстық жағдайын байқау  мақсатында үйлеріне рей д жүргізілді, ата-аналарына кеңестер берілді және акт толтырылды. Мектеп демеушісі Оспанова Г. тарапынан 8 б сынып оқушысы Әмірхан Дианаға қыстық курткамен қамтамасыз етті. 8 а снып оқушысы Рахмет Ақниетке сынып жетекшісі Солтабаева С.Б қыстық қалың киіммен қамтамасыз етті , және мектеп ұстаздары ( Жаваров Ч, Ертөстік А, Айыпхан Е, Косбармакова М ,Сетергүл) аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларғатәрбие орынбасары ,әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен  жаңа жыл мерекесіне кулек, тәттілер сыйлады. 

5-7 сынып оқушыларымен психикалық белсенді заттарды  қолданудың алдын алуға бағытталған тренинг , сұхбаттарттар жүргізілді.  Тренинг барысында  адам денсаулығына зиян келтіретін  есірткі, кофеин, алкаголь, шылым электронды, синтетикалық заттардан аулақ болу және олардың адам өміріне  әкелетін қаупі  жайында ақпараттар беріліп, салауатты өмір салтын ұстану жайында кеңестер берілді . 

Отбасы баланың құндылық бағдарының ішінде қандай орын алатынын білу мақсатында  және бала бос уақытын қай  жерде және кіммен бірге өткізетіні,

баланың сабақтағы мінез-құлқы, оның жұмысы, мұғалімдермен байланысы, оқу  пәндеріне қатынасын анықтау мақсатында-  "Аяқталмаған сөйлем" әдісі

"Әлем балалардың көзімен "атты  сурет әдісі жүргізіліп , сауалнама алынды . Жалпы оқушылармен жүргізілген  жұмыстар нәтижесі бойынша  оқушылар өз ойларын еркін  білдірді. 

"Мектеп оқушыларының құқығы мен қылмыстық жауапкершілік " тақырыбында оқушылармен сынып сағаты өткізіліп , жұмыс нәтижесі бойынша анықтамаға  жазылды.

Мектеп асханасынан жалпы 104 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Олардың 44 оқушысы бастауыш сыныптан, 56 оқушы жоғарғы сыныптардан және 4 оқушы арендатор есебінен. Бұл оқушылардың күнделікті сабаққа келуі мен тегін тамақтануы бақыланып тұрады.



Кемшіліктер: Әртүрлі статустағы оқушылардың ата-аналармен жұмыс толық қамтылған жоқ.

Ұсыныс: Мектепшілік есепте тұратын оқушылардың барлығын қамту, және олардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату.Оқушылармен түзету,кеңес беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru