Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша
23
декабрь
2021

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша

Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                                       Мектеп психологы А.Солтанғазықызының І жарты жылдық бойынша                                                            Ерте жүктіліктің алдын алу іс-шарасы бойынша жүргізген жұмыстарының есебі

2021-2022 оқу жылының басында мектеп медбикесі М.Еңсенова, педагог ұйымдастырушы Н.Дутпаевамен бірлесе отырып жоспар құрылды. Диспансерлік есептегі оқушылардың, үйде оқитын оқушылардың қорытындылары мен тізімдері алынды. 
-Қыркүйек айында мектеп медбикесімен  М.Еңсеновамен бірлесе отырып 8-11 сынып қыздар арасында  «Ерте жүктілік туралы не білеміз?» сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесінде қыздар ерте жүктілік туралы мәлімет және оның зиянды жағы туралы біледі. Қыздар арасында қобалжытатын, келеңсіз жағдайлар кездескен жоқ.
-Қазан айында   8а-9а-10б сынып қыздарына «Әдептілік және жыныстық тәрбие» туралы ойларын білу, әңгімелесу және сауалнама алынды. Қыздарға 12 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізілді. Жалпы сауалнама нәтижелері жағымды. Өз ойларын ашық жазған. Алаңдататын жағдай жоқ. Әсіресе 9а сынып қыздары ойларын нақты жазған. Ерте есейіп келе жатқан қыздар да бар.
-Қараша айында  9-11 сынып қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдыне алу» әңгімелесу жүргізілді. ДТІЖО: А. Жумашева, сынып жеткешілер қатысты. Талқыланған сұрақтар: Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік немен қауіпті? Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің нәтижесі. Қыздардың ойын тыңдадық, осындай аталған сұрақтарға өз түсініктерімен бөлісті. Ондай кері іс-әрекеттерден сақ жүретіндерін, ақпарат мазмұны маңызды екендерін айтты.
-Желтоқсан айында   8-10 сынып қыздар арасында кездесу өтті. «Зорлық-зомбылықтың алдын –алу және ерте мәжбүрлі некеден қорғану» туралы. 
Қатысқандар: мектеп медбикесі: М.Еңсенова, ДТІЖО: А.Жумашева, Н.Дутпаева. Нәтижесінде қыздарға қандайда бір ойларын ортаға айтуға ұсыныс айтылды. Оларға, батылдық, намысқойлық, ержүректік, мейірімділік, сенімділік бойларында әрдайым болу керектігі туралы кеңестер берілді.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru