2021-2022 жж. Мектеп психологының жарты жылдық есебі » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 жж. Мектеп психологының жарты жылдық есебі
27
декабрь
2021

2021-2022 жж. Мектеп психологының жарты жылдық есебі

Педагогикалық-психологиялық қызметті үйымдастыру.
     2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы негізінде, орта білім беру ұйымдарында психологиялық жұмыс істеу қағидасына сәйкес Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында:
     2021-2022   оқу жылының басында білім беру жүйесінде психологиялық жұмыстарды жүргізу барысында іс-әрекеттің
 5 бағыты бойынша оқу бағдарламасы, интернет желісі, №61 бұйрық бойынша жылдық жоспар құрылды. Жоспар бойынша, психологиялық анықтау жұмысын жүргізу мақсатында мектептегі әр сыныптың  оқушыларының тізімдері, үйден оқитын оқушылардың, шағын орталық,   педагогикалық ұжымның тізімдері алынып, дарынды оқушылар және агрессивті мінез-құлыққа бейім оқушылар анықталды. Үйден 4 оқушы оқиды. 
І. Шағын орталық тәрбиеленушілерімен жүргізілген  жұмыстар:  қыркүйек айында балалардың тізімдері алынды. «Ересектер» тобында барлығы 20 бала.  Топта қазіргі уақытта 13 бала отыр. Бейімделуге байланысты «Кел танысайық», «Ұшты-ұшты» ойындары, қазан айында қарым-қатынастарын дамытуда «Ине мен жіп» ойыны өтілді. Ата-аналардан «Ата-анының баламен қарым-қатынасы» мәлімет-сауалнамасы алынды, «Ойынның бала дамуына әсері»шағын-дәрісі интернет желісімен жіберілді. Желтоқсан айында  «Ине мен жіп» ойыны өтілді. Ересек топ балаларымен саусақ моторикаларын дамыту мақсатында «Суретті сәйкестендіру» тапсырмасы орындалды.  Қараша айында «Он айырмашылықты тап» тапсырмасын орындады. Танымдық үрдістерінің дамуына зерттеулер әлі толық жүргізілен жоқ. Желтоқсан айында «Кім жылдам?» түстерді ажырату, икемділіктерін қалыптастыру ойыны жүргізілді. Балалардың топ өміріне бейімделулері жақсы. 
ІІ1 сынып оқушыларының бейімделуі /01-114/:2021-2022 оқу жылында   1 «а» сыныбында 20 оқушы бар. Сынып жетекшісі: Тинибаева М.                                                                                                                             
         1 «б» сыныбында 17 оқушы отыр. Сынып жетекшісі: Корабаева А. 
Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді. Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, , сабақ барысында сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға  қадағалау бар.     
1. Қыркүйек  айында 1 «а-б» сынып оқушыларынан: 1.«Керн-Йерасек» тесті, соның ішінде   «Сөздер көшірмелері», «Нүктелер көшірмесі» әдістері  алынды. Мақсаты: Оқушының оқуға дайындығын анықтау.
СыныпЖоғары Орташа Нормаға сай
1 «А» 1451
1 «Б»1242
 Көбірек көңіл бөлетін оқушы: Төлеуқажы Мағжан, Әділжан Айсұлтан. Осы оқушылармен есте сақтау қабілеттері мен зейіннің тұрақтылығына байланысты жұмыс атқару керек.
Көбірек көңіл бөлетін оқушы: Ақан Ернұр, Қажыбек Айсұлтан.
2. 1«а-б» сынып оқушыларымен тренинг сабақ өтілді. Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру мақсатында «Менің есімім» жаттығуында оқушылар шеңбер бойымен тұрып, өздерін таныстырды.                                                                                   «Шаттық шеңбері» жаттығуында оқушылар өздерінің көңіл күйлерін айтып, мектепке барлық оқушы жақсы көңіл күйде келетіндіктерін айтты. Тренинг барысында оқушылар бір-біріне жылы тілектерін айта алды. Сондай-ақ сергіту сәтін жасады.                                                                                                               
    3. Қазан айында «Графикалық диктант» тесті алынды. Мақсаты: оқушылардың ерік саласының деңгейін анықтау. 1а сыныбынан Жоғары ұпай -7 оқушы, орташа ұпайды-9 оқушы, төмен ұпайды-4 оқушы жинады. 1 б сыныбынан жоғары-6 оқушы, орташа-3 оқушы, төмен ұпайды-5 оқушы жинады. Төмен нәтиже жинаған оқушылар берілген 3 тапсырманы орындап отыр, тапсырманы дұрыс емес орындағандықтан нәтижелері төмен болып тұр. Оқушылар оң және солдарын, төмен-жоғары белгілерін айыра алады. Жұмыстарды толық орындап отыр.
4. Қараша айында ««Керн-Йерасек» тесті қайталап алынды. Қыркүйек айындағы нәтижемен, оқушылардың мектепке дайындық деңгейін қайта тексеру үшін. 1 «б» сыныбы Қанат Заңғар, Тілекқызы Аяла, Ермекұлы Бегасыл мектепке дайындық деңгейлері жақсарған, қыркүйек айымен салыстырғанда жоғары ұпай алды. Қажыбек Айсұлтан орташа нәтиже көрсетседе оқушы зерек, қалыптасып кетуі тез. Сыныптың оқушыларында ілгерілеу бар, оқушылар әдістемені тез орындап шықты. Ақан Ернұр  нормадан төмен деңгейде тұр. 1 «б» сыныбы бойынша Батырбек Нұрым, Ерболқызы Ақерке, Рысбек Нұрасыл,  мектепке дайындық деңгейлері жақсарған қыркүйек айымен салыстырғанда жоғары ұпай алды. Сыныпта ілгерілеу жақсы байқалып тұр. Оқушылар әдістемені тез орындап шықты. Төлеуғажы Мағжан орташа нәтиже көрсетседе оқушының ынтасы жақсы. Үйден қадағалау қажет ата-ана тарапынан.
4. Желтоқсан айында «Суретті көшіріп салу» әдістемесі алынды. Оқушылар толық қатысып отырды. Жетіспеген бөлшектерін салды суреттің, Қабылдау деңгейлері жақсы, суретпен жұмыс жасай алады. Оқушылардың өздерін бағалауы,                                                                                                                                           бір-бірімен араласуы жақсы. Жаңа ортаға бейімделген. Зейін, есте сақтау қабілеттері қалыпты. Қимыл қозғалыстары белсенді. Жазу, оқу, сызу, сөздік қорлары жалпы жақсы деңгейде. Мектепке бейімделген. Сынып оқушыларының арасында Тұрдыбек Айару мен  Ермекұлы Самғардың гипербелсенді қырлары бар. 
ІІІ. 5 сынып оқушыларын бейімделуіне жүргізілген жұмыстары /01-114/: 
5а сыныбында барлығы 18 оқушы оқиды. Сынып жетекшісі А.Мансұров. Оқушылардың сынып жетекшісімен қарым-қатынастары жақсы. Сыныпта белсенді оқушылар көп. 4 сыныпта да оқу үлгерімі төмен болған оқушылар:  Рысбекұлы Ернұр, Бақытқанұлы Дамир. Әлі де осы оқушылардың қабылдаулары жай. Ата-ана, пән мұғалімдері тарапынан көп қадағалауды қажет етеді.  Сыныпта тұйық оқушы жоқ. Жалпы оқушылар тыңдауға, өз бетімен тапсырманы орындауға қалыптасқан, белсенді сынып. 
     5б сыныбында 18 оқушы. Сынып жетекшісі А.Қанатова. Берілген тапсырманы орындау қабілеттері жақсы. Оқу үлгерімі төмен, қабылдаулары жай, баяу ойланатын оқушылар:  Ерік Ерхан, Бекет Рамазан.
- Ата-аналараға «Ата-аналарға 10 кеңес», «5 сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері» слайд  түріндегі кеңестері «ZOOM» желісі арқылы берілді. 
- Қыркүйек «Маған 5 сыныпта оқыған ұнайды» әңгімелесу әдісі жүргізілді. Бұл әңгімелесуде оқушыларға қиындық тудырған: мұғалімдерді аты-жөнімен атау және математика пәніндегі қиын есептер. 
- Қазан айында  оқу мотивациясын анықтау мақсатында «Түймедақ » әдісі алынды. Оқушылардың ұнайтын, ұнатпайтын және қиындық туғызып жүрген пәндері анықталып, талдауы  жазылды. Оқушыларға қиындық туғызып жүрген пәндері пән мұғалімдеріне ескертілді. Көбінесе қиындық туғызатын пәндер 5а сыныбында ағылшын тілі, орыс тілі пәндері. 5б сыныбында тарих пен ағылшын тілі, математика, орыс тілі пәндері. «Өз қорқынышыңды жеңе біл» тренингі өтілді. Оқушылар жаңадан қосылған пән жетекшілеріне үйреніп, қалыптасқан. Оқушылар көбінесе қараңғыдан, биіктіктен қорқады.
- Қараша айында оқушылардан «Социометрия» әдістемесі алынды. Мүлдем таңдалмаған оқушы жоқ, сыныптың өзара қарым-қатынастары жақсы.
-Балалардың оқуға ынтасын зерттеу мақсатында «Бейімделу сауалнамасы» алынды. Балалардың оқуға ынталары жақсы. Сонымен қатар «7 сөз» ойлауды дамыту әдістемесі алынды.  Балалардың ойлау қабілеттері жақсы.
-Желтоқсан айында 5 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер, сынып жетекшілері және ДӘІЖО Б.Бердибекованың бастауымен педагогикалық-психологиялық консилиум өткізілді. 
ІV. Кәсіби бағыттау бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау /9 сынып/: 
9а сыныбында 16 оқушы, 9 б сыныбында 15 оқушы. Жыл басында құрылған жоспар бойынша  оқушылардың кәсіби-ой ниетін, бағытын анықтау және психологиялық тұрғыда кеңес беру жұмыстары толық жүргізілді. Хаттамасы жазылды. 9 сынып оқушыларынан кәсіби бағыттау бойынша алынған тест, сауалнамалардың нәтижесі:
№1. «Сенің кәсіби-ой ниетің» сауалнамасының нәтижесінде 9а сыныбынан 1, 9б сыныбынан 3 оқушы, барлығы 4 оқушы     
   колледжге барады. 
№2  «Кәсіби тұлғалық типті бағалау» Д.Голлонд тесті алынды. 
Типі  Аты-жөніҰсынылатын қызмет түрі
1Әлеуметтік тип9б:Азамат, Жарас, Бақжан,Бақтияр
Аружан, Айшуақ, Айдын,Әнел
Арайлым,Айбұлақ.
9а:Алтын, Бинур, Ажар,Балжан, Дамир, Аружан.
Мұғалім, дәрігер, психолог, адвокат, юрист
2Конвенционалды тип9а:Сұлтанбек, ОңалсынБухгалтер, кассир, банк қызметкері, экономист
3Іскер тип9б:Ерсұлтан, Дана, Ақерке, Бекнұр.
9а:Әлижан ,Абылай, Айбас
Әли
Әртіс, журналист, дипломат, телеоператор, меңгеруші, директор, бизнесмен, программист
4Әртістік тип9а:Ажар, ТалшынМузыка, сурет, әдебиет, журналист
5Зияткер 9б:Ақерке, СанжарМатематика, география, геология, физика саласы
№3  Бейімділік картасы «Мен қаладым»  саралаушы-диагностикалық сұрақнама картасы. 
Аты-жөні Бейімі Ұсынылатын қызмет түрі
19б:Дана, Арайлым, Бақтияр, Айшуақ.
9а:Айбас, Әли, Ажар, Әділет
Адамның өзіСпортсмен,  шаштараз, хатшы, актер, цирк әртісі, каскадер
29б:Ақерке, СанжарКөркем образМүсінші, бухгалтер, дизайнер, режиссер, кино саласы, суретші
39б:Бекнұр, Жарас
9а:Абылай
Техника Авиация, теміржол, компьютер маманы, инженер-технолог, металлургия
49б:Айбұлақ, Әнел, Аружан, Ақерке.
9а:Балжан, Дамир, Аружан, Алтын, Оңалсын, Бинур
Басқа адам Мұғалім, психолог, дәрігер,
 әлеуметтік қызметкер, тренер, менеджер,  сатушы.
59б:Ерсұлтан, Бақжан, 9а:СұлтанбекБелгі жүйесіАудармашы, программист, бухгалтер, экономист, корректор, іс-жүргізуші, эксперт-сараптамашы
№4. «Қызығушылық картасы» (Голомшток картасы) бойынша 174 сұрақтан тұратын тесті оқушылар өздері белгілеп, нәтижесі шығарылды. Алынған 3 тестінің нәтижелері бір-біріне сәйкес шықты. Тест нәтижесі бойынша жаратылыстану-математикалық бағытты барлығы 14 оқушы таңдады. Қоғамдық-гуманитарлық бағытты 17 оқушы таңдады.
V.Дарынды оқушылармен жұмыс /01-119/:  Жалпы мектеп бойынша 33 дарынды оқушы бар. Бастауыш сыныпта-                  11.  5-6 сынып оқушыларымен «Суретті аяқтау» Торренс әдістемесі, 2-4 сынып оқушылыранан «Бала қабілетінің даму деңгейі» Хаан, Г.Кафф сауалнамасы ата-аналарынан алынды, 4-5, 9-11 сыныптардан «Мюнстенберг» әдістемесі алынды. Оқушылардан алынған әдістемелер бойынша қабілеттері жақсы, тапсырмаларды жоғары деңгейді орындап отыр, зейіндері тұрақты, шығармашылық ойлау деңгейлері қалыпты.
 VІ. Үйден оқыту. Аудандық  №4 ОПМПК-н бірлескен жұмыстары: /: 
Бахыт Нуриддин 4 «ә» сынып, ЗПР бағдарламасымен оқиды. Зейіні: тұрақсыз, шоғырлануы жай. Танымдық әрекеттерін түзету жұмыстары жүргізілуде. ТДС сыныбы жоқ.  Үйде оқитын оқушылар оқулықпен  қамтамасыз етілді. 5-11 сынып арасында логопедте есепте тұрған оқушылар жоқ. Әр баланың жеке жинақ құжаттары бар.
VІІ.Ата-аналармен жұмыстар /01-120/: Бастауыш сынып ата-аналыран қыркүйек айында «Cіздің балаңыздың қызығушылығы» 1 сынып ата-аналарынан сауалнама алынды,  «Ата-ананың баламен қарым-қатынасы» мәлімет-сауалнама  шағын орталықтан алынды. «5-6 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері мен мектепке бейімделу» шағын дәріс интернет желісі арқылы жіберілді. Қазан айында «1 сынып оқушыларының мектептегі оқуға бейімделуі» 1 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді, өз ойларын ортаға салды, қиындық тудырып жатқан мәселе жоқ. Қазан айында «баланың мінез-құлық ерекшеліктерін диагностикалау» 2-4 сынып ата-аналарынан сауалнама алынды. Қараша айында «ата-ананың балаға көзқарасы» мектепалды даярлық сыныбының ата-аналарынан сауалнама алынды. Желтоқсан айында «ойынның бала дамуына әсері» баяндама, слайд түрінде ата-аналарға жіберілді. Ата-аналардың бала тәрбиесі туралы өз ойларын айтып, ойынның пайдасы мен зиянды жақтарын жазды.
VІІІ. Мұғалімдермен /01-118/: Қыркүйек айында  «Өзін-өзі бағалау» Реан сауалнамасы алынды, бастауыш сынып мұғалімдерінен. Нәтижесінде жұмысқа көзқарастары жақсы. Мұғалімдік этиканы толық ұстанады. Қазан айында «Көзге арналған жаттығу» презентациясы жіберілді. «Педагогтардың дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бейімділігін анықтауға арналаған тест» А.И.Доровский алынды. Мұғалімдер дарынды баламен жұмыс жүргізуде жаңа әдістерді қолдайтындықтарын жазған.
«Ми гимнастикалары» тренингі қараша айында өтілді.ZOOM платформасымен. Қорытынды нәтижесі бойынша мұғалімдер белседі қатысты, көңіл-күй барометрі жоғары деңгейде болды.
ІX.«Ерте жүктіліктің алдын алу іс-шарасы және медбикемен бірлескен жұмыс» 2021-2022 оқу жылының басында мектеп медбикесі М.Еңсенова, педагог ұйымдастырушы Н.Дутпаевамен бірлесе отырып жоспар құрылды. Диспансерлік есептегі оқушылардың, үйде оқитын оқушылардың қорытындылары мен тізімдері алынды. 
-Қыркүйек айында мектеп медбикесімен  М.Еңсеновамен бірлесе отырып 8-11 сынып қыздар арасында  «Ерте жүктілік туралы не білеміз?» сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесінде қыздар ерте жүктілік туралы мәлімет және оның зиянды жағы туралы біледі. Қыздар арасында қобалжытатын, келеңсіз жағдайлар кездескен жоқ.
-Қазан айында   8а-9а-10б сынып қыздарына «Әдептілік және жыныстық тәрбие» туралы ойларын білу, әңгімелесу және сауалнама алынды. Қыздарға 12 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізілді. Жалпы сауалнама нәтижелері жағымды. Өз ойларын ашық жазған. Алаңдататын жағдай жоқ. Әсіресе 9а сынып қыздары ойларын нақты жазған. Ерте есейіп келе жатқан қыздар да бар.
-Қараша айында  9-11 сынып қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдыне алу» әңгімелесу жүргізілді. ДТІЖО: 
А. Жумашева, сынып жетекшілер қатысты. Талқыланған сұрақтар: Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік немен қауіпті? Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің нәтижесі. Қыздардың ойын тыңдадық, осындай аталған сұрақтарға өз түсініктерімен бөлісті. Ондай кері іс-әрекеттерден сақ жүретіндерін, ақпарат мазмұны маңызды екендерін айтты.
-Желтоқсан айында   8-10 сынып қыздар арасында кездесу өтті. «Зорлық-зомбылықтың алдын –алу және ерте мәжбүрлі некеден қорғану» туралы. 
Қатысқандар: мектеп медбикесі: М.Еңсенова, ДТІЖО: А.Жумашева, Н.Дутпаева. Нәтижесінде қыздарға қандайда бір ойларын ортаға айтуға ұсыныс айтылды. Оларға, батылдық, намысқойлық, ержүректік, мейірімділік, сенімділік бойларында әрдайым болу керектігі туралы кеңестер берілі.
Х. «Сенім жәшігі, сенім телефоны» /01-122/: «Сенім жәшігі» ай сайын ашылып, тексеріліп, АББ-не мәлімет беріліп отырылды. Қашықтықтан оқығандықтан «Сенім жәшігіне» түскен ұсыныстар, арыз-шағымдар немесе құпия қоңыраулар болмады. 
Кабинет  жабдықталды. Бірақ оқушылармен тренинг, ойын-жаттығу өтуге жарамайды. Папкасы, тіркеу журналы бар. «Сұраныстарды тіркеу», «Топтық жұмыстарды тіркеу», «Кеңесті тіркеу» журналдары уақытында толтырылды. «Нормативтік құжаттар», «Өз білімін көтеру» папкалары да реттелді. Психолог жұмысының іс-құжаттары номенклатура бойынша толық реттелді. 
Қорытынды бойынша реттеліп, атқарылған жұмыстар:
1. Жылдық жоспар АОӘ 06.02.2015 жылғы №61 қаулысына сәйкес құрылып, 2021 жылғы 16 сәуірдегі №472 бұйрығы бойынша өзгертілді «Жылдық жұмыс жоспары», «Топтық және жеке жұмысын есепке алу журналы», «Педагог-психологтің консультацияларын есепке алу журналы».
2. Мұғалімдермен және ата-аналармен жоспарланған жұмыстар толық өтілді. 
Кемшіліктер: -Желтоқсан айында «Мамандықты таңдау» 10-11 сыныппен тренинг өтілмеді.
                          -«Жасөспірімдердің денсаулық және өмірлік дағдыларын қалыптастыру» 9-10 сыныппен әңгімелесу, кеңес                
                             өтілмеді.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru