Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2021

Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері

Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары, міндеттері және оны жүзеге асыру формалары.
1. Психологиялық диагностика - оқушының, ата – ананың тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми негіз деп беретін сала. Психологиялық диагностиканың мақсаты: жеке тұлғаның дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті – педагогтарға ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті ақпарат беру. Психологиялық диагностикаға кіріспестен бұрын, оқу жылы барысында тесттердің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау қажет. 
2. Психологиялық ағарту (профилактика) – мұғалім, ата ана, оқушыны психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психологиялық ағартудың мақсаты – тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру. Психологиялық ағартуға әдістемелік кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау. Балаларға қазіргі уақытта бақытты арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу. Психологиялық алдын алу – мүмкін болған ауытқудың алдын алу шаралары. Психологиялық алдын алудың мақсаты: барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және он іске асыру, алдын алу шараларын қолдану, мектептегі тәрбие мен оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жадай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты. 
3. Психотүзету (психокоррекция) және дамыту - түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді. 
4.Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу – диагностикалық негізде туындайды. Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді. 
5. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар: 1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу; 
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру; 
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
 Аналитикалық іс-әрекеттің мақсаты: туындаған проблемалық себептердің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру, педагогикалық процеске қатысушыларға кешенді ұсыныстар жасау. 
Мектептегі қосымша міндеттер:
- Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;
- Ішімдік пен есірткіге психологиялық,  химиялық тұрғыда бағыныштылықты және формальды емес топтар мен діни, қоғамдық-саяси, асоциалды бірлестіктерге психологиялық бағыну мен олардың манипуляция жасауының алдын алу;
- Психологиялық – педагогикалық консилиум – белгілі бір баланың, сыныптың немесе тұтас білім мекемесінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын шешудің тәсілдерін анықтайтын психологтың педагогпен, білім мекемесінің әкімшілігімен бірлескен жұмысы. 
Әр күнге нақты жұмыс көлемі анықталынады. Аптаның бір күнін өзіндік білімге және психодиагностикалық материалдарды өңдеуге арнау керек. Психологтың профессионалды іс - әрекеті оның документацияларында көрінеді.
Білім саласындағы психологтың жеке тұлғасына сипаттама

 1. Психолог білімді, ақыл-ой қабілеті өте жоғары, еркін ойлы, жаңашыл, аналитик эксперментатор, көзқарасы тәуелсіз. 

 2. Психолог жарқын жүзді, адамдармен жұмыс істеуді сүйеді және оларды демей алады, адамдарға кең пейілді, адамдардың есімдерін есінде жақсы сақтайды, әдепті, қарым-қатынаста мәдениетті, өзіне сенімді. 

 3. Ол бірлескен жұмыстарды ұнатады, өз қызығушылығын топтың қызығушылығына бағындыра біледі, ұжданды, жауапкершілік сезімі мол, жігерлі, өзін-өзі түзей алады, мәселелерді тез, батыл шешеді. 

 4. Эмоциялық жағынан тұрақты, ұстамды, байсалды, жағдайды таразыға тең салады, стресске түрақты. 

 Мектеп психологына қойылатын талаптар және жалпы жағдай.
  1. Психологиялық тәжірибеге тек жоғары психологиялық білімі бар адамдардың құқығы бар.
  2.  Психологтың әрекеті  оқушылардың, педұжымның, ата-аналардың игілігіне және жеке адамға бағытталуы тиіс. 

 Жауапкершілік.

 1. Психолог өзінің жүргізген жұмысына аяғына дейін жауапты болу керек. 

 2. Психолог клиенттің психологиялық жағдайына және психологиялық зерттеу  
    обьектісіне жауапты болады. 

 3. Психолог психологиялық ақпараттың жайылмауына жауапты, себебі кейде ол  
    психолог жұмысының тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. 

 4. Психолог қыруар ақпарат амалдарын және басқа да ақпараттарды пайдаланған   
    кезде, ол адамдарға сол кезде теріс салдардың туып қалатынын ескерту керек. 
                                                                                                             
 5. Психолог клиентке кейде психологиялық зерттеу жұмысы кезінде шынайы емес  
    үміттердің пайда болып қалуын түсіндіруі керек. 

 6. Психологиялық жұмыстың әдісі хабарсыз адамдар үшін пайдаланбайды. 

 7. Психолог адамдардың психологиялық жарқырауына жауапты. 
                                                                                                                              
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru