Оқушыларға » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2022

Оқушыларға

Стрессті қалай жеңуге болады?»


Мақсаты:Стресске қарсы тұруы, сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру

Тренинг барысы:


1.Психологиялық ойын

2.Кіріспе әңгіме

Стресс дегеніміз не?

Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз.

СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық 

тұрғыдан күштену қалпы. Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.


3.Практикалық бөлім

а) Стресті қалай жеңуге болады?

Мақсаты: Теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын ұсыну.

Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну,құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккеөру және т.б.

Көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!

Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқан. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Стестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.


ә)Стресті  жеңу үшін немен айналасуға болады?

Психологиялық әдістерімен атаңдар. (Оқушылардың жауаптары -сүйікті ісімен айналасу, жақын құрбымен сырласу, сурет салу және т.б.)

б)Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

5.Қортынды



 
 


 
 


 
 


 
 


 
 


 
 


 
 


 
 

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru