Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары
«Әке – отбасының тірегі» тренинг
14
май
2026
«Әке – отбасының тірегі» тренинг
«Әке – отбасының тірегі» ә келермен тренинг өткізілді. Мақсаты: Әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Негізгі тақырыптар: Әкенің отбасындағы орны Ұл мен қыз тәрбиесіндегі әке өнегесі Балаға уақыт бөлудің маңызы Ұлттық тәрбие және әке мектебі Қазіргі қоғамдағы әкенің жауапкершілігі Әке – шаңырақтың тірегі, отбасының қорғаны. Қазақ халқы әкені отбасының ақылшысы әрі тәрбиешісі деп таныған. Бүгінгі дөңгелек үстелде
Мансап орталығының мамандарымен кездесу
26
сентябрь
2025
Мансап орталығының мамандарымен кездесу
        26 қыркүйек күні мансап орталығының мамандары Аскарбекова Римма Сарсенбековна, Кәкенов Саяжан Саятұлы, Дуйсенов Олжас Талғатұлы          мектепке келіп  "Мансап компасы" платформасында кәсіптік бағдар беру және Электронды еңбек биржасы цифрлық платформасында жұмыс іздеу         және жұмысқа орналасу дағдыларына үйрету жұмыстары бойынша 11 сынып түлектеріне түсіндірме жұмыстарын жасады.  Кездесу барысында          бітіруші түлектер тақырыпқа сәйкес өздерін мазалап жүрген сұрақтарын
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дебат
18
сентябрь
2025
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дебат
📚 Дебат тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» Қазіргі заманда бірнеше тіл білу – үлкен мүмкіндік. Шет тілдері білім алуға, жаңа мәдениеттерді тануға және кәсіби дамуға жол ашады. Алайда қандай тілді меңгерсек те, ана тілімізді құрметтеу – әр азаматтың парызы. Тіл – ұлттың жаны, тарихы мен мәдениетінің айнасы. Өз ана тілін қадірлеген адам ғана ұлттық құндылықтарды сақтап, келер ұрпаққа жеткізе алады. 💬 «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бүгінгі жастар үшін де
«Offline каникул-2025» тимбилдингі
05
июнь
2025
«Offline каникул-2025» тимбилдингі
«Мерей» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде оқушылармен   педагог-психолог А.Абдешқызы «Offline каникул-2025» тимбилдингін ұйымдастырып өткізді.  Мақсаты:ойын арқылы топтаса ойнауға үйрету,ойын ережесін бұзбауын қадағалау.    05.06.2025 жыл
"Clothes and weather" "Киімдер және ауа райы" сабағы
04
июнь
2025
"Clothes and weather" "Киімдер және ауа райы" сабағы
04.06.2025ж Лингвист тілдік клубының үшінші күні қатысушыларды ағылшын тіліндегі "Clothes and Weather" – "Киімдер және ауа райы" тақырыбымен таныстырды. Сабақ барысында оқушылар күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді үйреніп, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі ойындар мен тапсырмалар орындады. 🔤 Сөздік қорды кеңейту Іс-шара киім атаулары мен ауа райын сипаттайтын сөздермен танысудан басталды. Қатысушылар sunny, rainy, snowy, cold, hot, jacket, boots, scarf,
"Лингвист" тілдік клубының алғашқы күні
02
июнь
2025
"Лингвист" тілдік клубының алғашқы күні
"Лингвист" тілдік клубының алғашқы күні сәтті өтті! Бүгін  02.06.2025ж мектебімізде 5-сынып оқушыларына арналған "Лингвист" тілдік клубы өз жұмысын бастады. Бұл клуб оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Клубтың алғашқы күні балалар үшін ерекше әсерлі өтті. Түрлі ойындар, қызықты тапсырмалар және топтық жұмыстар арқылы оқушылар ағылшын тілінде сөйлесіп, өз білімдерін шыңдады. Клуб жетекшісі оқушыларға достық атмосфера
“Балалар үні”  пікірсайыс ойыны
27
май
2025
“Балалар үні” пікірсайыс ойыны
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған ауқымды іс-шаралар жоспары бойынша “Балалар үні” тақырыбында дебат клубының үлгілік пікірсайыс ойыны өтті.
"Театар-тәрбие бастауы" аудандық байқауы
21
май
2025
"Театар-тәрбие бастауы" аудандық байқауы
Алакөл ауданы бойынша білім беру ұйымдарында  " Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу" бойынша " Театр- тәрбие бастауы" атты байқаудың аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары  "Бас жүлдеге" ие болды.
«Отбасы-ұлт тірегі»  кездесу кеші
15
май
2025
«Отбасы-ұлт тірегі» кездесу кеші
15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы-ұлт тірегі» атты кездесу кеші өтті. Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым -қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу. Кездесуге қариялар, келген ата-аналар шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын отбасындағы бірлік туралы ой бөлісті. Оқушылар орындауында ән мен биден,
«Отбасым – асыл қазынам»  спорттық эстафеталық жарыс
14
май
2025
«Отбасым – асыл қазынам» спорттық эстафеталық жарыс
«15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай «Отбасым – асыл қазынам» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. Шара барысында жалпы саны 3 отбасы қатысты. Жарыс 5 спорт түріне бөліңді. Атап айтқанда, 1. Отбасылық марафон .2. Қапшықпен секіру (Ерлер). 3. Секіртпемен секіру (Әйелдер). 4. Эстафеталық жарыс (отбасымен кедергілерді айналып жүгіру). 5. Гір тасын көтеру (Ерлер) .Сонымен қатар, жеңімпаздарды анықтау кезіңде ұпайлары тең түскен 2 команда арасында қосымша баскетбол добын себетке лақтыру
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru