14
май
2026
«Әке – отбасының тірегі» тренинг
«Әке – отбасының тірегі» әкелермен тренинг өткізілді.
Мақсаты:
Әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Негізгі тақырыптар:
- Әкенің отбасындағы орны
- Ұл мен қыз тәрбиесіндегі әке өнегесі
- Балаға уақыт бөлудің маңызы
- Ұлттық тәрбие және әке мектебі
- Қазіргі қоғамдағы әкенің жауапкершілігі
Әке – шаңырақтың тірегі, отбасының қорғаны. Қазақ халқы әкені отбасының ақылшысы әрі тәрбиешісі деп таныған. Бүгінгі дөңгелек үстелде әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі мен отбасы құндылықтары туралы пікір алмасты.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Қазіргі әкелер бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөле ме?
- Әке мен бала арасындағы сенімді қалай нығайтуға болады?
- Ұлттық тәрбиені ұрпақ бойына қалай сіңіреміз?
- Әкенің отбасыдағы басты міндеті қандай?
Қорытынды:
Тәрбиелі ұрпақ – берік отбасының жемісі. Ал берік отбасының негізі – саналы әке мен мейірімді ана.