26
сентябрь
2025
Мансап орталығының мамандарымен кездесу
26 қыркүйек күні мансап орталығының мамандары Аскарбекова Римма Сарсенбековна, Кәкенов Саяжан Саятұлы, Дуйсенов Олжас Талғатұлы
мектепке келіп "Мансап компасы" платформасында кәсіптік бағдар беру және Электронды еңбек биржасы цифрлық платформасында жұмыс іздеу
және жұмысқа орналасу дағдыларына үйрету жұмыстары бойынша 11 сынып түлектеріне түсіндірме жұмыстарын жасады. Кездесу барысында
бітіруші түлектер тақырыпқа сәйкес өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды.

