22
март
2025
22 наурыз Жыл басы
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ.
2025 жылдың 21 наурызында Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылының орталық алаңында әкімшілік пен мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі аталып өтті. Округ әкімі Қ.Тұрлыбеков,ақсақалдар кеңесінің төрағасы Р. Басшығұл мен Қоғамдық кеңестің төрағасы Б. Беисенбаев ауыл тұрғындарын құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Ө. Қойшыбай барша жиналған қауымға ақ батасын берді.
Іс-шара барысында шашу шашылып, “Ақ-зере” әжелер ансамблі ән шырқады, ал ауыл жастары мен мектеп оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Әжелеріміздің айтуы бойынша, дәстүрдің озығы мен жазығы бар, өткеннен жеткен асыл мұраларымызды ұмытпай, жастарға насихаттауымыз керек. Осы мақсатта әжелеріміз “Бесікке салу” және “Ат қояр” рәсімдерін халық назарына ұсынды.
Округ мекемелері мен ауыл тұрғындары көше аттары бойынша ақ дастархандарын жайып, қонақтарға қазақ халқының ұлттық дәмдерінен ұсынды. Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушылар округ әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шара ары қарай ауыл жастары арасында ұлттық ойындармен жалғасты. "Қол күрес", “Арқан тартыс”, “Гір тасын көтеру” сияқты түрлерінен қызу талас басталып, жеңімпаздар анықталып, округ әкімінің мадақтама грамотасы мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.