21
март
2022
Ұлыстың ұлы күні—Наурыз мерекесі
Жағатал округіне қарасты, Қазақстан ауылында Ұлыстың ұлы күні—Наурыз мерекесі атап өтілді. Ауыл әкімі Қ.Тұрлыбековтың ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік іс —шараға ауыл тұрғындары,Қабанбай батыр мектебінің ұжымы, ауылдық амбулатория қызметкерлері түгелдей қатысып, дастархан жайылып, наурыз көже берілді. Мерекелік іс—шарада мектеп оқушылары мен өнерпаз мұғалімдері де әндері мен билерінен шашу шашты . Ақ жаулықты әжелеріміз "Тұсау кесу" дәстүрін көрсетті. Мерекеде ұлттық ойындар ойнатылды .







Әз Наурыз құтты болсын!!!







Әз Наурыз құтты болсын!!!