21
март
2025
22 наурыз "ЖЫЛ БАСЫ"
2025 жылдың 21 наурызында Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылының орталық алаңында әкімшілік пен мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі аталып өтілді. Округ әкімі Қ.Тұрлыбеков, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Р. Басшығұл мен қоғамдық кеңестің төрағасы Б. Беисенбаев ауыл тұрғындарын құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Ө. Қойшыбай атамыз барша жиналған қауымға ақ батасын берді. Іс-шара барысында шашу шашылып, “Ақ-зере” әжелер ансамблі ән шырқады, ал ауыл жастары мен мектеп оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Әжелеріміз “Бесікке салу” және “Ат қояр” рәсімдерін халық назарына ұсынды.


