22 наурыз-Жыл басы » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
март
2025

22 наурыз-Жыл басы

22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні. 

Бүгін - көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

️ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛЫНДА АТАЛЫП ӨТІЛДІ.
 Округ әкімі Қ.Тұрлыбеков, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Р. Басшығұл мен Қоғамдық кеңестің төрағасы Б. Беисенбаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтап өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Ө. Қойшыбай қария барша жиналған қауымға ақ батасын берді.
   Іс-шара барысында шашу шашылып, “Ақ-зере” әжелер ансамблі ән шырқаса, ал ауыл жастары мен мектеп оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Әжелеріміздің айтуы бойынша, дәстүрдің озығы мен жазығы бар, өткеннен жеткен асыл мұраларымызды ұмытпай, жастарға насихаттауымыз керек. Осы мақсатта әжелеріміз “Бесікке салу” және “Ат қояр” рәсімдерін халық назарына ұсынды.
 Округ мекемелері, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары көше бойынша ақ дастархандарын жайып, қонақтарға қазақ халқының ұлттық дәмдерін ұсынды. Мерекелік шара "Қол күресі", “Арқан тартыс”, “Гір тасын көтеру” ұлттық ойындарымен жалғасты. Жарыс жеңімпаздары округ әкімінің мадақтамасымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru