Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстардың есебі » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстардың есебі
21
декабрь
2022

Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

«Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі
шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстардың  есебі
2021-2022 оқу жылы
ҚР Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің 2019 жылғы бекітілен хаттамасы бойынша 2021-2022 жылға  «Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын-алу» бойынша   жоспар құрылды.   384 оқушы оқиды. Жоспар бойынша іс-шаралар   толық өтілуде. Осы уақытқа дейін суицидтік мінез-құлыққа бейім немесе ұмтылған, қайтыс болған оқушы жоқ. Ауылда тұрмысы қолайсыз, ішкілікке салынған  және ата-ана құқығынан айырылған отбасы жоқ. Қамқоршылық есепте тұрған 2 оқушы, үйден оқитын 4 оқушы бар. 
- Қыркүйек айында ата-аналардан «Баланың мінез-құлық ерекшеліктерін диагностикалау» сауалнамасы 8 сынып ата-аналарынан алынды. Ата-аналар арасында психологиялық сауаттандыру жұмыстары 5-11 сынып арасында жүргізілді.
- Оқушылардан «Басса-Дарки» сауалнамасы алынды 9-10 сыныптарынан. Нәтижесі шығарылды, оқушылардың көңіл-күй құбылмалылығы, реакциялары қалыпты жағдай.
- Қазан  айында «Өзім туралы» сауалнамасы алынды. Алынған сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың ата-анамен, мұғалімдермен көзқарастары жақсы. Әзірше алаңдататын жағдай болған жоқ. «Киббербулинг дегеніміз не?» бейнеролигі 5,11 сыныптарға көрсетілді. Кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Қазан айында «Социометрия» әдісі алынды 3-4 сыныптан. Оқшауланып, шеттетілген оқушы жоқ. Сынып арасындағы қарым-қатынас жақсы. Лидерлері анықталды. «Субдепрссия және түсіңкі көңіл-күй шкаласы» В.Зунге, Т.Балашов тестісі 9-10-11 сыныптан алынды. Нәтижесі жақсы, барлық оқушыда депрессиясыз көңіл-күй шықты.
- Қараша айында интернетке тәуелділік «Чен шкаласы» 8-10 сынып оқушылары арасында алынды. Интернетке тәуелді 1 бала шығып, ата-анасы мен сынып жетекшісіне ескертілді.
-  «Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік» презентация 7-10 сынып оқушыларымен жүргізілді. Барлығы 36 оқушы қатысты. ДТІЖО А.Жумашева, педагог-ұйымдастырушы Н.Дутпаева қатысты.
- Қараша айында 3-4 сынып, 5-8 сынып оқушыларынан «Үй-ағаш-адам» тестісі алынды. Көңіл-күйлері жабырқау шыққан оқушылар сынып жетекшісі мен ата-анасына ескертілді. Жалпы алаңдататын белгі жоқ. Қорытынды: Жалпы оқушылардың мазасыздықтары төмен. Көңіл-күй барометрлері жақсы.
- Желтоқсан айында «Мен өмірге құштармын» эссе жазды 8-9 сынып оқушылары. Өз ойларын ашық жазған, өмірге көзқарастары жақсы, алаңдататын мәселелері тек сабақ екенін көрсеткен. 
- Наурыз айында 7-11 сынып оқушыларына «Өмірге күлімде, сен оған ұнайсың!» видеоролигі жіберілді. Эссе жазып, сурет салып берді. Болашақ туралы, өмір туралы ойлары жақсы. Оқушылардың қобалжу, мазасыздық деңгейлері төмен.

Орындаған:А.Солтанғазықызы, А.Жумашева
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru