Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 15 » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қарттарға көмек
06
февраль
2025
Қарттарға көмек
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен.  «Қамқор» жобасы аясында   9 сынып оқушылары мектебіміздің зейнеткер ұстазы  Н.Нүсіпбекованың үйіне қардан тазалау жұмыстарын жасап, көмектесті. Сынып жетекшілері Б.Телгазова, А.Уалиева
"Сулы-батпақты алқаптар" түсіндірме жұмыстары
06
февраль
2025
"Сулы-батпақты алқаптар" түсіндірме жұмыстары
2-ақпан Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күніне орай Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері экологиялық ағарту бөлімінің маманы Е.Тыныштыков, музей меңгерушісі Д.Шаріпхан оқушылармен кездесті.Кездесу сулы-батпақты алқаптардың не үшін маңыздылығын  туралы оқушыларға мәліметтер бере отырып, презентациялар көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді                                      Мақсаты: сулы-батпақты алқаптар таныстыру .  
"Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы" кездесу
06
февраль
2025
"Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы" кездесу
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығыны ң қызметкерлері э кологиялық ағарту бөлімінің маманы Е.Тыныштыков, музей меңгерушісі Д.Шаріпхан  5 сынып оқушыларымен кездесті.  Кездесу барысында  Алакөл қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар туралы оқушыларға мәліметтер беріліп, презентациялар көрсетілді.   Мақсаты:  Алакөл мемлекеттік табиғи қорығымен таныстыру .                                                                   
“Ой мен ойын” зияткерлік сайысы
05
февраль
2025
“Ой мен ойын” зияткерлік сайысы
3  сыныптар арасында 05.02.2025 жылы “Ой мен ойын”атты зияткерлік сайысы өтті Мақсаты: Ойната отырып сөйлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 🏆Марапат қорытындысы бойынша: 🥇 1 орын: 3 «А» сыныбы «Қыран» тобы иеленді 🥇 2 орын: 3 «Б» сыныбы «Сұңқар» тобы иеленді
"Биіктіктен құлау кезінде болатын қауіптер мен олардың салдары" түсіндірме жұмыстары
28
январь
2025
"Биіктіктен құлау кезінде болатын қауіптер мен олардың салдары"
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында терезеден, биіктіктен құлау кезінде болатын қауіптер мен олардың салдары туралы оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Олардың қауіпті жағдайлардан сақ болуына ықпал ету,терезеден құлап кетудің алдын алу,биіктен құлау, шатыр т.б.қауіпсіздік шаралары бойынша оқушылармен түсіндірме жұмыстары жасалды.
Терезеден құлап кету қайғылы жағдайларын алдын алу шарасы бойынша ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА
27
январь
2025
Терезеден құлап кету қайғылы жағдайларын алдын алу шарасы бойынша
Егер үйде бала болса, терезені ешқашан да ашық қалдырмаңыз! Сіз оның қасында болып көрінгеніңізбен, сіз алшақтап кеткен бір секундтың өзі балаңыздың өміріндегі соңғы сәттері болуы мүмкін. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз! Баланы ешқашан да қараусыз тастамаңыз! Құлаудың көптеген жағдайлары ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырып кеткен кезде орын алады.   Москитті торларға ешқашан сенім артпаңыз! Олар құлап кетуден сақтау үшін арналмаған. Керісінше, москитті тор қайғылы оқиғаға әкеледі,
«Үш бәйтерек-ұлт мақтанышы» әдеби  кеш
24
январь
2025
«Үш бәйтерек-ұлт мақтанышы» әдеби кеш
«Үш бәйтерек-ұлт мақтанышы» тақырыбында әдеби кеш 8-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Мақсаты:  ұлағатты  тұлғалардың  өмірі мен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту, шығармашылық жұмыс істеуге, мәнерлеп оқуға баулу, жастардың бойында патриотизмді, әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру Ә деби кешіміз қазақ халқының маңдайына біткен ұлы үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге арналды. Іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі пән
"Заң және біз" кездесу
10
январь
2025
"Заң және біз" кездесу
"Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың және жыныстық тиіспеушіліктің  алдын алу" мақсатында өткізілген  жиналыс. Алакөл ауданының прокуроры Ерлан Қасымбайұлы Қасымбаев, Алакөл АПБ бастыгы полиция майоры Исаев Арнур Калиулы, ЮПТ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Психологиялық апталық: "Эмоция әлемі"
25
декабрь
2024
Психологиялық апталық: "Эмоция әлемі"
"Эмоция әлемі"  тақырыбында психологиялық апталық өтті Мақсаты:психология ғылымының кеңінен таныстыру және психикалық денсаулықты сақтау мен жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Педагог-психологтар:А.Солтанғазықызы, А.Абдешқызы
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru