14
март
2025
16 наурыз- Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күні. «Тоқымқағар» салты
«Тоқымқағар» салты. Бұл салт қазақта ат мінген уақыттан бар болса керек. «Тоқым қағар» бала алғаш рет жолға шығар алдында жасалынатын салт. Туыстар мен достар, ауыл баланың алыс сапарға шыққалы жатқанын естіп келеді. Олар жолға шығатын балаға «Ақ жол», «Жол оң болсын» және басқа да жақсы тілектерін айтып тілеулестігін білдіреді. Үй иесі әдетте келушілер үшін дастархан жаяды.Қонақтарды қарсы алу – қазақ халқының болмысының бір құрамдас бір бөлігі. Жалпы қазақ тұрмысының қай жағы болмасын қонақсыз болмайды. Сондықтан қазақ ұлтының қонақ күтуінің салттық, әдет-ғұрыптық көріністері де аз емес. «Тоқым қағар» салтын 9 «А» сынып оқушылары көрсетті. Ұйымдастырған сынып жетекшісі Б.Телгазова


