14
март
2025
16 наурыз- Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күні . «Көгентүп» дәстүрі
16 наурыз- Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күні
«Көгентүп» дәстүрі
Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал: (қозы, қой, бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүргені жақсы, жарасымды салттарының бірі. «Көгентүп» дәстүрін 7«А» сынып оқушылары ұйымдастырды. Сынып жетекшісі К.Ибраева



