Ата-аналар үшін » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2021

Ата-аналар үшін

Ата аналар үшін кеңес
1. Ереже
Баланы ешқашан бір уақытта, бірінші сыныпқа және қандайда бір секция немесе үйірмеге жібермеңіз. Мектеп өмірінің бастамасы 6-7 жастағы балалар үшін ауыр соққы болып есептеледі. Егер бала қыдыруға, демалуға, сабағын асықпай орындауға мүмкіншілігі болмаса, онда денсаулығына байланысты мәселелер туындауы, тіпті жүйкесінің жұқаруы да мүмкін. Сондықтан, егер сіздің ойыңызша балаңызды тәрбиелеу үшін музыка және спортпен айналысу қажет болса, баланы ол үйірмелерге оқу басталғанға дейін 1 жыл бұрын немесе 2-ші сыныптан бастап апарыңыз.
2.Ереже
Есіңізде болсын, бала сабаққа 10-15 минут қана назар аударуы мүмкін, сондықтан, баламен сабаққа дайындалған кезде, әр 10-15 минут сайын үзіліс жасап, балаға міндетті түрде физикалық жаттығу жасату керек немесе жай ғана орнында тұрып 10 рет секіртіп, жүгіртіп немесе музыкамен бірнеше минут билетіп алуыңызға болады. Үй тапсырмасын жазба жұмыстарынан бастағаныңыз жөн. Жазба жұмыстар мен ауызша жұмыстарды кезек-кезек оқытуға болады.Оқытудың  жалпы ұзақтылығы 1 сағаттан артық болмауы керек.
4.Ереже
Барлық әлемнің  дәрігерлерінің айтуынша компьютер, теледидар және кез келген көру қабілетін қажет ететін оқулар күніне 1сағаттан артыққа созылмауы керек.
5 Ереже
     Бәрінен бұрын 1-ші оқу жылында сіздің балаңыз қолдауды қажет етеді. Ол тек қана сыныптастарымен және оқытушылармен қарым-қатынасын қалыптастыру емес, сонымен қатар ол алғаш рет, өзімен біреудің дос болғысы келетінін немесе керісінше екенін түсінеді. Дәл осы уақытта балада өзіне деген жеке көзқарас қалыптасады. Егер, балаңыз сыпайы және өзіне сенімді адам болып өсіп шықсын десеңіз, міндетті түрде мақтағаныңыз жөн. 
Бірнеше қысқаша ережелер.
Балаңызды оның жетістіктері үшін ғана емес, оны қандай болса да жақсы көретіңізді көрсетіңіз; 
Балаға ешқашан  «басқалардан  жамансың» деп айтпаңыз; 
Мүмкіндік келгенше, баланың кез-келген сұрағына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз;
 Әр күн сайын балаңызбен оңаша қалу үшін уақыт табуға ұмтылыңыз; 
Балаңызды үлкендермен және құрдастарымен  еркін және қысылмай сөйлесуге үйретіңіз; 
Оларды мақтан тұтатыныңызды көрсетуге еш қысылмаңыз; 
Балаңызға деген сезіміңізді шынайы бағалаңыз;
 Әрқашанда балаға ыңғайсыз болса да, шындықты айтыңыз; Баланы емес, оның қылықтарын бағалаңыз; 
Жетістікке күштеу арқылы қол жеткізбеңіз, күштеу - тәрбиелеуде нашар нұсқа болып табылады. 
Отбасындағы қысым көрсету баланың жеке тұлғасының бұзылу аумағын қалыптастырады; 
Баланың қателік жасауға құқысы бар екенін түсініңіз; 
Бала үлкен адамдар өзіне қалай қарым-қатынас жасаса, өзіне де сондай қарым-қатынаста болады; 
Баланың орнына өзіңізді қойып көріңіз, сол кезде онымен қандай қарым-қатынаста болу екені түсініктірек болады.
Бірінші сынып ата-аналарына
Бірінші сынып оқушылары үшін, оқу жылының басталуы маңызды, әрі қиын кезең. Оқу жылының басталуымен баланың өмір сүру салты өзгереді. Оқуда жақсы көрсеткіш көрсету үшін, үй жұмысын уақытында  орындау, мұғалімнің талаптарын бұлжытпау, мектеп тәртібіне мойын ұсыну, күн тәртібін сақтау, жүйелі және кернеулі еңбек ету, ойынның орнына күнделікті мектепке келуімен басталады. Осы жүйеге сай оқушылар бейімделулері қажет.Алғашқы 1-2 аптада балалар үшін қиынға соғады, ал 5-6 апталарда жайлап төселе бастайды. Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. 
12 кеңеске құлақ түріңіз:
 1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
 2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
 4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
 7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; 
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
 9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс; 
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
 12.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. 
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru