"Clothes and weather" "Киімдер және ауа райы" сабағы
04.06.2025ж
Лингвист тілдік клубының үшінші күні қатысушыларды ағылшын тіліндегі "Clothes and Weather" – "Киімдер және ауа райы" тақырыбымен таныстырды. Сабақ барысында оқушылар күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді үйреніп, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі ойындар мен тапсырмалар орындады.
🔤 Сөздік қорды кеңейту
Іс-шара киім атаулары мен ауа райын сипаттайтын сөздермен танысудан басталды. Қатысушылар sunny, rainy, snowy, cold, hot, jacket, boots, scarf, gloves сияқты сөздерді карточкалар арқылы меңгерді. Одан кейін олар бұл сөздерді сөйлемдерде қолдануға жаттықты. Іс-шараның соңында оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын ағылшын тілінде жеткізуге тырысты:
“Today the weather is cold. I wear a coat and scarf.”
Мұндай іс-шаралар балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Пән жетекшісі А.Қанатова