02
июнь
2025
"Лингвист" тілдік клубының алғашқы күні
"Лингвист" тілдік клубының алғашқы күні сәтті өтті!
Бүгін 02.06.2025ж мектебімізде 5-сынып оқушыларына арналған "Лингвист" тілдік клубы өз жұмысын бастады. Бұл клуб оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Клубтың алғашқы күні балалар үшін ерекше әсерлі өтті. Түрлі ойындар, қызықты тапсырмалар және топтық жұмыстар арқылы оқушылар ағылшын тілінде сөйлесіп, өз білімдерін шыңдады. Клуб жетекшісі оқушыларға достық атмосфера орнатып, әр баланың белсенді қатысуына жағдай жасады.
Оқушылар жаңа сөздер үйреніп, қарапайым сөйлемдер құрастыруға машықтанды.
"Лингвист" тілдік клубы оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырып, білімге деген қызығушылығын оятатын тамаша алаңға айналмақ. Алда әлі талай қызықты сабақтар мен танымдық жобалар күтіп тұр!