Терезеден құлап кету қайғылы жағдайларын алдын алу шарасы бойынша ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Терезеден құлап кету қайғылы жағдайларын алдын алу шарасы бойынша ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА
27
январь
2025

Терезеден құлап кету қайғылы жағдайларын алдын алу шарасы бойынша ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА

Егер үйде бала болса, терезені ешқашан да ашық қалдырмаңыз! Сіз оның қасында болып көрінгеніңізбен, сіз алшақтап кеткен бір секундтың өзі балаңыздың өміріндегі соңғы сәттері болуы мүмкін.

Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз! Баланы ешқашан да қараусыз тастамаңыз! Құлаудың көптеген жағдайлары ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырып кеткен кезде орын алады.

  Москитті торларға ешқашан сенім артпаңыз! Олар құлап кетуден сақтау үшін арналмаған. Керісінше, москитті тор қайғылы оқиғаға әкеледі, себебі бала өзін оның артында қауіпсізбін деп сезініп, терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар көбінесе осы торлармен бірге құлап кетеді.

  Бала терезе алды ағашына мініп кетпеуі үшін, барлық жиһаздарды терезеден алыс қойыңыз!

 Бала терезені өз бетімен ашып алмауы үшін терезеге блокираторлар орнатыңыз! Егер балаға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны жақсылап бекітіңіз, баланың шапшаң қимылдарына дайын болыңыз, алақандарыңызды құрғақ қылып ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.

 Балаға өз бетімен терезені бірнеше дюймға ғана ашуға мүмкіншілік беретін арнайы бекіткіштер қойыңыз.

 Терезе торларын орнату арқылы, терезені қорғаңыз. Торлар балаларды ашық терезелерден құлап кетуден сақтайды.

Балалардың денсаулығын бірге сақтайық!


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru