1 сынып ата-аналарына кеңес » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 1 сынып ата-аналарына кеңес
05
октябрь
2021

1 сынып ата-аналарына кеңес



Талдау

Кімге: 1 сынып ата-аналарына
Мақсаты: Оқушылардың мектеп өміріне бейімделуіне кеңестер беру.
Мерзімі: 5.10.2021
Қатысқандар: 20 ата-ана
Жүргізілуі: Вацап желісі, слайд түрінде.
 Сандық/сапалық нәтижесі:
  • Бала  мектепке дейінгі кезеңнен бастауыш сыныпқа көшу кезінде 7 жастағы кризиске ұшырауы мүмкін.
  • 7 жастағы кризиске сипаттама: еркелік, шолжаң қылық, .
  • Мектеп өмірінің нормалары мен ережелері көп жағдайда баланың қалауымен сәйкес келмей жатады. Бұл нормаларға бейімделу керек.
  • Балалар мектепте болып жатқан жағдайларға байланысты  таңырқап, қуанып, қызығушылық танытып қана қоймай қобалжу, мазасыздану сезімдерін бастан өткереді.
  • Бала өзінің мектептегі оқушы екендігін әрдайым сезінен  бермейді, бірақ міндетті түрде ол туралы уайымдайды: ол өзінің ересек адамдар қатарына қосылғанын мақтан тұтады.
  • Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы қалыптасады.
  • 1-сынып оқушысы өзінің іс-әрекеті қоршаған адамдардың көзқарасымен бағаланатынын түсінеді.
  • Балалар тез қозғыш болып келеді, зейіндері шашыраңқы, өйткені мидың маңдай бөлігі  13 жасқа қарай толық жетіледі.
  • Оқушының өмірінде мұғалім ерекше роль атқарады
  • Мектептің талаптарына бейімделу кезеңі әр оқушыда әртүрлі өтеді, біреулерде 1 ай, келесілерде 1 тоқсан, ал кейбіреулерінде 1 оқу жылына дейін созылуы мүмкін.  
Ата-аналарға кеңестер айтылды: 
  1. Бала неғұрлым көбірек сұрақ қойып көп нәрсеге қызыққыш болғандығын қолдау керек. Сұрақ қоймайтын оқушы бала ата-ананың қобалжуын тудыруы керек.
  2. Сұрақ қоя білуге үйрету керек,ең алдымен өз-өзіне. Сөздіктерді қолдануға, кітапханада жұмыс істеуге т.с.с  Ата-ана баланың кез-келген сұрағына жауап беруге тырысуы керек.
  3. Отбасы өз білім орталығын құруы тиіс – отбасылық кітапхана , әңгіме, пікірталас түрінде. Балаға кез-келген білім өз пайдасын әкелетінін түсіндіру керек. Барлығын баламен бірлесіп істеуге тырысу керек
  4. Баланың ойланып, ой қорытуына жағдай жасау керек. Ой қорыта білу кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі туралы түсінікті қалыптастырады. 
Жадынама таратылды: «Сәттіліктің кілті», «Ең дұрысы», «Баланы мадақтау»
Қорытынды: 1 сынып оқушылары тез қозғыш, эмоционалды. Тәртіптері ұйымдаспаған, шашыраңқы болып келеді. Бейімделу деңгейлері нормаға сай. Ата-аналар тарапынан сұрақтар туындаған жоқ. Балаларының күнделікті жақсы көңіл-күймен сабаққа баратындыған, жақсы көңіл күймен үйге келетіндігін жазды.
Нұсқау: Сабақты орындап болғаннан кейін баланы мадақтап қойыңыз. «Сен бүгін барлығын дұрыс істедің», «Өзің көп нәрсеге үйреніп қалыпсың» деген сияқты. Балалар уақытымен демалып, ұйықтаулары қажет.
Мектеп психологы                             А.Солтанғазықызы
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru