19
май
2023
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алакөл ауданы педагогтерімен кездесу өткізіп, білім саласындағы болып жатқан өзгерістер мұғалімнің жаңаша көзқарасын қалыптастырусыз мүмкін емес екенін , яғни ой өзгермей, адам өзгермейтінін , педагогтердің тың өзгерістерді қабылдауға, игеруге, ізденуге дайын болуы қажеттілігі туралы айтты. Кездесу барысында педагогтерді аттесттаттау, баланың тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру мақсатындағы жоба, бастауыш сынып оқушыларын тамақтандыруда ұсынылып отырған ұлттық асхана жобасы туралы әртүрлі жаңалықтармен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.







