Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
15
декабрь
2021

Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

            «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 

      «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ  съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың «Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын.



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!" атты салтанатты жиында дарынды оқушылар "Жас Ұлан" ұйымына 11оқушы, "Жас Қыран" ұйымына 10 оқушы қабылданды. Мектеп ұстаздары ұйымға қабылданған оқушыларға "Жас Ұлан", "Жас Қыран" төсбелгілері мен галстуктарын тақты. 
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru