07
март
2022
"Аналар- асыл жандар" сынып сағаты
8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай 1 "А" сыныбында "Аналар- асыл жандар" тақырыбында сынып сағаты болды. Сынып жетекшісі Тинибаева Меруерт Бейсенжановна. Мақсаты: Оқушылардың бойында әйелдер қауымына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сынып сағатында оқушылар аналарға, қыздарға арналған өлең- жырларын жатқа айтты. Ана туралы әндер шырқалды. Ұлдар би биледі. Өз қолдарынан аналарына ашық хат жасап, ішіне жүрекжарды жылы тілектерін жазып, сыйлады🌺🌹🌺




