«Интернетсіз бір күн» акциясы
«Интернетсіз бір күн» акциясы оқушылар арасында ұйымдастырылды. Мақсаты жастардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға атсалысу. Сонымен бірге кітап оқуға үндеу. Жастардың бос уақытын интернетсіз тиімді өткізуге баулу. Қазіргі техника қарыштап дамыған заманда адамның бір күндік өмірінің басым бөлігін интернетке тәуелділік алып жатқаны бәрімізге аян. Мектеп жасындағы оқушының өзі қолы қалт етсе, ұялы телефонға жармасып жататынын көріп жүрміз.