🎓 Мектебім, саған мың алғыс! 💐 салтанатты жиыны . » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🎓 Мектебім, саған мың алғыс! 💐 салтанатты жиыны .
23
май
2025

🎓 Мектебім, саған мың алғыс! 💐 салтанатты жиыны .

🎓 Мектебім, саған мың алғыс! 💐  салтанатты жиыны .

️Бүгін Қабанбай батыр атындағы орта мектебінде ерекше толқыныс пен қуанышқа толы күн өтті — соңғы қоңырау соғылып, 24 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты! 🎓
 
️Бала арманына қанат бітіріп, білім нәрімен сусындатқан киелі қара шаңырақпен қоштасу — жүрек тебірентер сәт. Әр түлек үшін бұл күн — өткенге тағзым, болашаққа батыл қадам!
 
️ Іс-шараға аудандық білім бөлімінің өкілдері, полиция қызметкерлері, ардагер ұстаздар және қоғам белсенділері қатысты.
 
️Салтанатты шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған Алакөл аудандық білім бас маманы  Б.Аманбеков, алғашқы ұстаздары Т.Окасова, ата-аналардан  сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. 💐
 
️Сәт сапар, жас түлек! Алда үлкен белестер, жарқын болашақ, биік армандар күтіп тұр! 

🌟 Бұл күн – ұстазға құрмет, мектепке алғыс айтылатын ерекше сәт. Оқушылар жүрекжарды тілектерін білдіріп, жылы естеліктермен бөлісті.


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru