«Күзгі асар» жәрмеңкесі » Қабанбай батыр атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-03-85
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2024

«Күзгі асар» жәрмеңкесі

Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:   «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті. 
Мақсаты: Күзгі өнімдер түрлерін таныстыра отырып, одан не жасалатынын айтып түсіндіру. Балалардың қызығушылығын арттыру. Балаларды табиғатты сүюге, аялауға,қорғауға,үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Әр үйдің қырманы толатын, берекелі де мерекелі алтын күз де келіп жетті. Қырман басы тазаланып, бау бақша жиналатын кез. Күздің байлығы бау - бақшамызда әбден пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, егіннің иіліп тұрған бастары. Күз мезгілінін соңғы айында мектебімізде үлкен мереке “ "Күзгі асар" жәрмеңкесі болып өтті. Жәрменке 1-11 сынып аралығын қамтыды.
Мектеп ішінде ұйымдастырылған шағын жәрмеңке оқушылардың дайындаған бұйымдарының көп түрлілігімен таң қалдырды.Жәрмеңке сөрелерінен: қолдан жасалған кондитерлік өнімдер мен түрлі тағамдар, қолөнер туындылары орын алды. Оқушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Ұйымдастырылған шара басында мектеп директоры Р.Нурбекова белсене қатысқан оқушыларға ризашылығын білдірді. Ұстаздар тарапынан жылы лебіздер мен игі тілектер айтылды.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округі, Қазақстан ауылы Жансүгіров көшесі, 12 үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабанбай батыр атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru