13
февраль
2025
«Ауған ақиқаты» кездесу кеші
15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне 36 жыл толуына орай өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қазақстандық қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында «Ауған ақиқаты» тақырыбында кездесу кеші мектептің 8-10 сынып оқушыларымен ұйымдастырылып өткізілді. Кеш қонақтары Ауған соғысының ардагерлері Қойшыманов Өмірсерік Төлегенұлы, Жақанбаев Нұрлан Нүкенұлы қатысты. Ардагерлер өз басынан өткен сол кездегі оқиғаларға тоқталып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 
















